Accessibility links

Абзал Ажғалиев шорт-тректен универсиада күміс жүлдесін иеленді


Қазақстан шорт-трек құрамасының мүшесі Абзал Ажғалиев. (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).
Қазақстан шорт-трек құрамасының мүшесі Абзал Ажғалиев. (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).

Алматыда бүгін универсиадада шорт-тректен 500 метр қашықтыққа жарыста қазақстандық Абзал Ажғалиев күміс, Денис Никиша қола медаль жеңіп алды. Алтынды Оңтүстік Корея спортшысы Ким До Киоум иеленді.

Бұл жарыста Ким До Кюм мәреге 41,175 секундта, Абзал Ажғалиев 41,479 секундта, Денис Никиша 58,769 секундта келді.

Сонымен қатар бүгін Қазақстан шаңғышылары Сергей Малышев, Виталий Пукхало, Ринат Мухин және Олжас Климин 7,5 километрге командалық эстафета жарысында күміс жүлдені жеңіп алды. Алтынды Ресей, қолагы Чехия шаңғышылары иеленді.

Қазақстан қазір 10 алтын, 6 күміс, 11 қола медальмен жалпы есепте екінші орында келеді. Бірінші орында 20 алтынмен Ресей тұр. Үздік үштікке сегіз алтыны бар Оңтүстік Корея енген.

Алматыдағы қысқы универсиада 8 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG