Accessibility links

Әлиев Еуропа парламентінің басшысымен кездесуден бас тартты


Антонио Таяни, Еуропа парламентінің президенті.
Антонио Таяни, Еуропа парламентінің президенті.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Брюссельде Еуропа парламентінің президенті Антонио Таянимен кездесуден бас тартты. Әлиев Брюссельде Еуропа Одағының (ЕО) өкілдерімен әріптестік туралы жаңа келісімге қатысты келіссөз өткізді. Таяни Антонио Брюссельде "Әзербайжандағы адам құқығын бұзудың тоқтамай тұрғанына" арналған талқылау ұйымдастырған. Оған Meydan TV телеарнасының атынан Эмин Милли мен Азаттықтың Әзербайжан редакциясының журналисі Хадиджа Исмаилова қатысқан.

2014 жылы желтоқсанда Исмаилова тұтқындалып, "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және басқа да қылмыстар жасады деген айыптармен 17 ай қамауда отырған. Исмаилованың жақтастары бұл іс биліктің журналистің Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің коррупциялық іс-әрекеттері туралы репортажы үшін кек алу деп мәлімдеген.

Әзербайжан президенті Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Тускпен, ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могеринимен және ЕО билігінің басқа да өкілдерімен кездесті.

XS
SM
MD
LG