Accessibility links

Ресей жеңіл атлеттерінің жарысқа қатысуына салынған тыйым ұзарды


Себастьян Коу, IAAF президенті.
Себастьян Коу, IAAF президенті.

Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының ассоциациясы (IAAF) Ресей спортшыларына бұрынғыдай әлі де халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салынғанын және ол тамыз айында Лондонда өтетін жарыстан да шеттетілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

IAAF президенті Себастьян Коу 6 ақпанда МОнакода өткен ассоциация кеңесінің жиынынан соң ресейлік спортшылардың биыл қарашаға дейін жарыстарға қатысуға толық рұқсат алуы екіталай екенін хабарлады. Ұйымның тағы бір жоғары шенді өкілі Руне Андерсен де осындай пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, Ресей тыйым жойылуы үшін бірқатар талапты орындауы тиіс.

Ресейдің жеңіл атлетика федерациясы 2015 жылы қарашада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тексеруінен соң жарыстардан шеттетілген. WADA тексеруден кейін Ресейде тыйым салынған препараттарды мемлекеттік деңгейде қолдау бағдарламасы бар деп қорытынды жасаған. Ресей билігі кейбір спортшылардың допинг қолданғанын мойындағанымен, оларға мемлекеттен қолдау болды деген айыпты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG