Ресейдің Астрахань облысының соты жаңа заң бойынша бірінші рет терроризммен байланысты қылмыс туралы хабарламаған адамға айыппұл салды. Облыс прокуратурасы жергілікті тұрғын Улугбек Гафуровтың билікке "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қатарында болған Қырғызстан азаматы туралы хабардар етпеді деп айыпталғанын хабарлады. Гафуровқа 70 мың рубль айыппұл салынған.
Гафуров хабарламады делінген Қырғызстан азаматы Равшан Акбаров таяуда 2015 жылы ИМ-ге қосылғаны үшін сегіз жылға сотталған. Өткен жылы шілдеде Ресей президенті Владимир Путин қылмыстық кодекске терроризм қылмысы туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартатын және терроризммен күрестің басқа да шараларын енгізетін жаңа заңға қол қойған. Ол заң жобасын Мемлекеттік дума депутаты Ирина Яровая дайындаған.