Accessibility links

Бішкекте қытай кафесіне қарақшылық шабуыл жасалды


Бішкекте 7 ақпанға қараған түні қарулы белгісіз адамдар қытайлық "Цзи Сян" кафесіне басып кірді деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстанның ішкі істер министрлігі.

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растап, бетперде киген қарулы төрт адамның кафе кассасынан 100 мың сом ақшаны алып кеткенін айтты. Шабуылдан ешкім зардап шекпеген.

"Вечерний Бишкек" газетінің мәліметінше, бетперде киген адамдар 6 ақпан күні кешке кафеге басып кіріп, ондағы адамдарға жерге жатуға бұйырған. Қарақшылар кафе клиенттерінің алтын әшекей бұйымдарын, бағалы заттары мен ақшаларын тартып әкеткен.

Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG