Accessibility links

БҰҰ: ИМ территориясы мен табысынан айырылып жатыр


Ирак пен Сирияда бірнеше майданда соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы территориясынан, табыс көзі мен құрамына жаңа адамдарды тарту мүмкіндіктерінен айырылып жатыр. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш таратқан баяндамада айтылады. Бірақ баяндамада ИМ әл-қуатынан айырылудың есесіне содырларын Батыс елдерінде шабуылдар жасауға жігерлендіріп жатыр дейді.

Қазір Ирак армиясы ИМ-нен Мосул қаласын қайтарып алу үшін соғысып жатыр. Ал Сирияда Сирия үкіметі күштері, күрд жасақтары мен Түркия қолдайтын оппозицияшыл көтерілісшілер ИМ-ге қарсы әр тараптан соғысып жатыр.

БҰҰ сонымен қатар ИМ қаржысы да азайып, ұйым «бюджет тапшылығы» жағдайында қимылдауға мәжбүр болып отыр дейді.

Сириядағы кеніштерден заңсыз мұнай сатудан түсетін табыс 2015 жылғы 500 миллион доллардан 2016 жылы 260 миллион долларға дейін азайған. БҰҰ осыған байланысты ИМ шетелдік журналистер мен гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлерін кепілге алып, ақша бопсалау арқылы табыс табуға ұмтылуы мүмкін деп ескертеді.

БҰҰ Батыс елдерінің үкіметтері қауіпсіздік шараларын күшейтуінен және «топтың тартымдылығы» төмендеуінен Ирак пен Сирияға баратын шетелдік содырлар саны да кәдімгідей азайған дейді.

XS
SM
MD
LG