Accessibility links

ШҚО: Үржарда бірнеше пәтері бар үй өртенді


Шығыс Қазақстан облысының Ұржар кентінде бүгін екі қабатты үйден шыққан өрттің таралуының алды алынды деп хабарлады Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Департамент өрттен зардап шекккендер жоғын, қазір өрт сөндіріліп жатқанын айтады.

Ағаш пен қамыстан салынған тұрғын үйдегі өрт бүгін күндіз шыққан. Үйде 16 пәтер болған. Өрт кезінде төрт газ баллоны жарылған. Бірақ жарылыстар аса қуатты болмаған. Өрттің неден шыққаны, қанша шаршы метр аумақ өртенгені әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG