Accessibility links

Сирия бойынша топ Астанада қақтығысты тоқтату режимін талқылады


Астанадағы Сирия бойынша келіссөздің екінші кезеңіне қатысушылар Сириядағы әскери іс-қимылдарды тоқтату режимінің орындалу барысын талқылады деп хабарлады Ресей делегациясының басшысы Станислав Гаджимагомедов. Сирия бойынша техникалық келіссөздің қорытынды брифингінде сөйлеген Гаджимагомедов Ресей, Түркия және Иран делегациялары біріккен топтың алғашқы отырысында сонымен қатар "бітімнің толық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында" тиімді бақылау және қадағалау механизмін құру шараларын да талқылағанын да айтты.

Сириядағы қақтығысты тоқтату режимінің орындалуын бақылайтын механизм құру туралы Астанада 23-24 қаңтарда өткен Сирия бейбіт келіссөзінің алғашқы кезеңінде жарияланған. 6 ақпанда Астанада өткен келіссөзге қатысушылар гуманитарлық көмектің кедергісіз өткізілуін қамтамасыз етуді деп талқылаған. Гаджимагомедовтің сөзіне қарағанда, делегациялар "Сириядағы қақтығысты тоқтату режимінің толық орындалуы үшін" өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірген.

Сириядағы азаматтық соғыста Мәскеу мен Тегеран президент Башар Асадты, Анкара оппозицияшыл топтардың біразын қолдайды.

Сирияда 2011 жылы көктемде басталған азаматтық соғыстан 300 мыңға тарта сириялық қаза тауып, миллиондаған адам босып кетті.

XS
SM
MD
LG