Accessibility links

Шымкентте ВИЧ жұқтырып сотталған адамға іздеу жариялады


Бүгін шымкенттік полицейлер 35 жастағы әйелі мен 4 жастағы баласына ВИЧ жұқтырғаны үшін сотталған 49 жастағы азаматқа іздеу жариялады.

Сотталушы үш айға созылған сот процесінде жарыссөзге дейінгі сот отырыстарына қатысып, айыбын толық мойындағанымен, үкім оқылатын күні келмеген. Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты оны төрт жылға бас бостандығынан айырып, 1,5 миллион теңге айыппұл төлеуге, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесіне өтеу үшін сот залынан қамауға алуды үкім еткен. Алайда белгісіз себептермен сотталушы сот процесіне қатыспаған.

Сотталушы бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерінде, 2001 жылдан бері СПИД орталығында тіркеуде тұрған.

XS
SM
MD
LG