Accessibility links

Ресейде отбасылық зорлықтың жауапкершілігін азайтатын заң қабылданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей президенті Владимир Путин отбасындағы зорлық-зомбылықтың кейбір түрлерін қылмыстық кодекстен әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне ауыстыратын заңға қол қойды. Заң жобасы баласына қол жұмсайтын ата-аналар мен жұбайына қол көтеретін ерлі-зайыптыларға қатысты.

Заң жобасы бойынша егер ұрып-соққаннан денсаулығына қауіп төнсе немесе зорлық-зомбылық қайталанса онда қылмыстық кодекстің баптары қолданылады. Бірақ мұндай қылмыстар бірінші рет жасалса және денсаулығына зақым келтірмесе онда 30 мың рубльге дейін айыппұл салынады, 15 тәулікке қамалады немесе 120 сағат еңбекпен түзеу жұмыстарына салынады.

Заңға енгізілген түзетулерді жақтайтындар мемлекеттің отбасы мәселесіне жөнсіз килігуінен осылай бас тартуға болады деп санайды.

Әйелдер мен балалар құқығын қорғайтын ұйымдар заңға өзгерістер талқыланып жатқан кезде оны сынаған.

XS
SM
MD
LG