Accessibility links

Беларусь ресейлік блогерді Әзербайжанға экстрадициялады


Александр Лапшин, ресейлік блогер.
Александр Лапшин, ресейлік блогер.

Беларусь билігі ресейлік блогер Александр Лапшинді Әзербайжанға экстрадциялады. Блогер Минскіден Бакуге ұшақпен жеткізілді. Экстрадициялаудан бірнеше сағат бұрын Беларусь Жоғарғы соты төменгі инстанциядағы соттың Лапшинді экстрадициялау туралы шешімін күшінде қалдырған. Әзербайжан билігі Израиль азаматтығы да бар Лапшинді жікшіл Таулы Қарабақ аймағының тәуелсіздігін қолдайды деп айыптайды. Экстрадициялау туралы ордерге Беларусь мемлекеттік прокурорының орынбасары Алексей Стук 18 қаңтарда қол қойған.

Ресейде тұратын және саяхаты туралы блог жазатын Лапшин өткен жылы желтоқсанның ортасында Минскіде Бакудің сұрауы бойынша ұсталған. Әзербайжан прокуратурасы оны 2001 және 2012 жылдары Таулы Қарабаққа заңсыз барып, интернеттегі жазбаларында бұл аймақтың тәуелсіздігін мойындауға шақырған деп айыптайды.

Нью-Йоркте орналасқан "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists) ұйымы Минскіні Лапшинді дереу босатуға шақырды. Ұйымның Еуропа және Орталық Азия бағдарламалары бойынша директоры Нина Огнянованың мәлімдеуінше, "Лапшин даулы территорияға барып, өз пікірін білдіргені үшін түрмеге түспеуі тиіс". Егер Әзербайжанда Лапшинді айыпты деп тапса, онда сегіз жылға дейін сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG