Accessibility links

Ресейде әскери-әуе күштерінің дайындығын тексеру басталды


Ресей әскери ұшақтары әскери жаттығу кезінде (Көрнекі сурет).

Ресейде елдің әскери-әуе күштерін жоғары дайындыққа келтіріп, кезектен әскери дайындығын тексеру жаттығуы басталды.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың хабарлауынша, 7 ақпанда басталған жаттығуда әуе күштерінің "жаудың басқыншылығын тойтаруға дайындығы мен мүмкіндігі" тексерілмек.

Шойгу әскери басшыларға әуе қорғанысы жүйелерінің ұрысқа кірісуін пысықтауға ерекше көңіл бөліну керектігін айтты. "Қарулы күштер жоғарғы қолбасшылығының шешімімен әскери қолбасшылық орталықтар мен күштердің дайындығын бағамдау және қойылған тапсырмаларды атқару үшін әскери-әуе күштерін күтпеген жерден тексеру басталды" деді Шойгу.

Мәскеу Украина дағдарысына байланысты НАТО және Батыс елдерімен қарым-қатынасы шиеленісе бастаған соң әскери жаттығу өткізуді көбейткен. Кремль Ресей экономикасының дағдарысқа түскеніне қарамастан әскери жаттығулар мен қару-жарағын жаңартуға бөлетін қаржысын да көбейткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG