Accessibility links

Минск Россельхознадзор шенеуніктері үстінен тергеу бастады


Сергей Данкверт, Россельхознадзор басшысы.
Сергей Данкверт, Россельхознадзор басшысы.

Беларусь Мәскеудің Ресейде беларусь ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға тыйым салуына байланысты Ресейдің азық-түлік қауіпсіздігі саласына жауапты шенеунігіне қатысты тергеу бастады.

Беларусь ішкі істер министрлігінің (ІІМ) 8 ақпанда таратқан ақпаратында тергеудің президент Алексанбр Лукашенконың тапсырмасымен жүргізіліп жатқаны айтылады. Лукашенко Ресей Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қызметінің (Россельхознадзор) басшысы Сергей Данквертке қатысты "мемлекетке шығын келтіргені үшін" қылмыстық іс қозғау туралы пәрмен берген.

Беларусь ІМ ақпаратына қарағанда, министрліктің экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі бөлімінде Россельхознадзор мекемесінің "кейбір лауазымды өкілдерінің" "өздерінің кәсіби қызметімен байланысты емес мүдде тұрғысынан, жеткілікті негіздемесіз және халықаралық құқық нормаларын бұза отырып Беларусь тауарларының Ресейдк сатылу мүмкіндігін шектегені" жөнінде мәліметтер бар.

3 ақпанда Лукашенко Ресейде Беларусь ауыл шаруашылығы өнімдерін кіргізуге тыйым салынуына байланысты Данкверттің үстінен іс қозғау қажеттігін мәлімдеген. Россельхознадзор тыйым Беларусь Ресейге Батыс елдерінің азық-түлігін жеткізетіндіктен салынды деп түсіндірген. Мәскеу АҚШ пен Еуропа Одағы елдерінің Ресейге экономикалық санкциялар салуына жауап ретінде Батыс елдерінің азық-түлік тауарларына эмбарго қойған.

Беларусь белгілі бір деңгейде Ресейдің экономикалық және саяси қолдауына сүйенеді. Бірақ соңғы уақыттары сауда-саттық даулары, қарыз бен Ресейден Беларуське жеткізілетін мұнай мен газдың бағасына байланысты екі елдің қарым-қатынасында әлдебір шиеленіс байқала бастады.

XS
SM
MD
LG