Accessibility links

Серік Ахметов ісі бойынша сотталған адамға рақымшылық жасалды


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов (ортада) сотта тұр. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов (ортада) сотта тұр. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің ісі бойынша шартты мерзімге сотталған адам жазадан босатылды.

Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, 2015 жылы желтоқсанда заңды кәсіпкерікпен айналысуға кедергі келтірді деген айыппен сотталған Қарағанды қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Айдос Жәкеновті аудандық Қазыбек би аудандық соты рақымшылық заңы бойынша жазадан босатуға шешім шығарған.

Жәкеновке рақымшылық жасау туралы өтініш пен материал сотқа қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қарағанды облыстық департаментінің пробация қызметінен түскен. Қазыбек би аудандық сотының судьясы Руслан Мұқатаев өтінішті қанағаттандырған.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, судья Мұқатаев "Рақымшылық заңын қолданып сотталушы Жәкенов бір жыл алты ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы үш жыл мерзімге сынаққа алып босатылсын" деген.

Ахметовтің коррупциялық қылмыстық ісі бойынша барлығы 21 адам, оның ішінде Қарағанды облысының бұрынғы жоғары шенді бірнеше шенеунігі "бюджет қаржысын жымқырды" деген айыппен сотталған.

Кейбір сотталушылар өткен жылы мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Өткен айда экс-премьер, бұрынғы қорғаныс министрі, 2015 жылдың соңында коррупция айыбымен сотталған Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылық заңы бойынша қысқартылған.

XS
SM
MD
LG