Киевте белгісіз адамдар суретші Давид Чичканның Украинадағы соғыс пен елдегі Еуромайдан толқуларынан кейінгі жағдайына арналған "Жоғалған мүмкіндік" деп аталатын көрмесін қиратып кетті. Бұл туралы "Украинская правда" газеті көрме ашылған Визуалдық мәдениет орталығының өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Көрме қойылғна ғимаратқа бетперде киген кем дегенде 15 жас жігіт басып кіріп, күзетшіні соққыға жығып, барлық картиналардың барлығын қиратып кеткен. Көрмені ойрандап кеткенден қабырғаларға "Сепарлар", "Украина жасасын!", "Мәскеудің қызметшілері" деген жазулар жазып кеткен.
Визуалдық мәдениет орталығының сайтында хабарланғандай, киевтік анархист суретші, толқуларға қатысқан Давид Чичканның пікірінше, украин қоғамы үшін Майдан - әлеуметітк төңкеріс жасаудың қолдан шығып кеткен мүмкіндігі.