Accessibility links

Ресей соты Навальныйды 5 жылға шартты түрде соттады


Алексей Навальный (сол жақта) мен Петр Офицеров сотта тұр.
Алексей Навальный (сол жақта) мен Петр Офицеров сотта тұр.

Ресейде Кировтың Ленин аудандық соты оппозиционер Алексей Навальныйды «Кировлес» ісі бойынша бес жылға шартты түрде соттап, төрт жылға сынақ мерзімін тағайындап, 500 мың рубль айыппұл төлеуге үкім етті.

Онымен бірге істі болған кәсіпкер Петр Офицеров төрт жылға шартты түрде сотталды.

Навальный бұл шешімге байланысты шағымданатынын айтты. Оппозиционер соттағы соңғы сөзінде мұны өзінің сайлау кампаниясымен және өзі құрған жемқорлықпен күрес қорымен байланыстырған.

Навальный мен Офицеров «Кировлес» ісі бойынша бұған дейін 2013 жылы 18 шілдеде де сотталған. Кейін Киров облыстық соты олардың жазасын шартты жазаға ауыстырып, 500 мың рубль айыппұл төлеуге үкім еткен.

XS
SM
MD
LG