Accessibility links

«Ақтөбе» клубының директоры үйқамақта тағы бір ай қалады


«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев. Ақтөбе, 11 қараша 2016 жыл.
«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев. Ақтөбе, 11 қараша 2016 жыл.

Ақтөбе соты «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры - Ресей азаматы Дмитрий Васильевті үйқамаққа алу мерзімін тағы бір айға ұзартты.

Судья Теміржан Алданов Дмитрий Васильевті үйқамаққа алу мерзімі 8 наурызға дейін ұзартылғанына айтып, айыпталушының екі ай бойы Ақтөбедегі пәтерінен шығуға хақы жоқ екенін ескертті. Дмитрий Васильев осы аралықта телефонмен сөйлесіп, интернетті пайдалана алмайды. Яғни жұбайы мен адвокатынан өзге ешкіммен кездесуге құқығы жоқ.

Былтыр 11 қараша күнгі сот қаулысымен қоғамнан оқшауланған Дмитрий Васильевке қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті бойынша айып тағылып отыр. Тергеу «ол 2016 жылғы наурыз бен қыркүйек айларының аралығында 240 миллион 840 мың теңгені қолды қылды» деп күдіктенеді. Дмитрий Васильевтің Ақтөбедегі пәтері бақылауға алынған. Ол үйінен тек тергеушілер шақыртқанда ғана шыға алады.

Дмитрий Васильевтің 2016 жылғы 7 қараша күні банктегі жеке есеп шотынан 7,5 миллион теңге алғанын, оның жауапкершіліктен қашып, ел аумағынан шығып кету қаупі бар екенін айтқан тергеу алғашында соттан оны екі айға қамауға алуға санкция сұраған.

Дмитрий Васильев өзіне тағылған айыппен келіспейді.

XS
SM
MD
LG