Accessibility links

"Белгісіз заттан уланған" кіші Кара-Мурза комадан шықты


Кіші Владимир Кара-Мурза.
Кіші Владимир Кара-Мурза.

Ресейлік белсенді әрі Кремльдің қарсыласы, ауыр жағдайда ауруханаға түскен кіші Владимир Кара-Мурзаның адвокаты Вадим Прохоров оның комадан шыққанын және жағдайы біршама жақсарғанын хабарлады. Прохоров бұл туралы 8 ақпанда Facebook-тегі парақшасында жариялады.

35 жастағы Кара-Мурза 2 ақпанда сырқаттанып, Мәскеудегі ауруханалардың біріне түскен. Кейін оның әйелі Евгения Кара-Мурза күйеуінің бүйрегі істен шығып, дәрі-дәрмекпен жататын комаға түскенін және жасанды демалу аппаратымен жатқанын хабарлаған. Кара-Мурзаның отбасы сырқат симптомдары 2015 жылы оның қатты ауырып, әзер жаны қалған кезіндегі симптомдармен бірдей екенін айтады. Кара-Мурза ол кезде де Мәскеуде болған және ол өзінің саяси қызметі үшін кек алудың құрбаны болдым деп санайды.

Михаил Ходорковскийдің үкіметтік емес "Открытая Россия" ұйымының үйлестірушісі Владимир Кара-Мурза америкалық конгресмендерді Ресей шенеуніктері мен медиа-магнаттарына қарсы санкциялар салуға шақырған. Прохоров Facebook-тегі жазбасында Кара-Мурзаның жүрегі қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, дефибриллятордан ажыратылғанын және есін білетінін, бірақ әлі сөйлей алмайтынын хабарлады.

Өткен аптада Кара-Мурзаның әйелі дәрігерлер күйеуіне "белгісіз заттан қатты уланған" деген диагноз қойғанын мәлімдеген. Оның сөзінше, күйеуінің не себепті аяқ астынан ауруға ұшырағанын анықтау үшін оның қаны, шашы мен тырнақтарынан алынған сынама Израильдегі жекеменшік зертханаға жіберілген.

XS
SM
MD
LG