Accessibility links

Ұлыбритания: Brexit келіссөзі құжатын енді лордтар палатасы қарайды


Ұлыбритания мен ЕО тулары (Көрнекі сурет).
Ұлыбритания мен ЕО тулары (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасы елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуы туралы заң жобасын соңғы оқылымда мақұлдады. Соңғы оқылымда депутаттардың көпшілігі заң жобасын қолдап дауыс берді. Құжат енді лордтар палатасына жіберілді.

Заң жобасы парламентте қабылданса премьер-министр Тереза Мэйдің үкіметі ЕО-ның құру туралы Лиссабон келісімінің 50-бабына сай Brexit келіссөзін бастайды. Үкімет ЕО басшылығымен Brexit келіссөзін наурыздың соңына дейін бастауды жоспарлап отыр.

Ұлыбританияның ЕО-дан түпкілікті шығу процесі екі жылда аяқталуы тиіс.

2016 жылы 23 маусымда өткен референдумда британ сайлаушыларының көпшілігі елдің ЕО-дан шығуын жақтап дауыс берген.

XS
SM
MD
LG