Accessibility links

«Қазақстан» телерадио корпорациясына Ерлан Қарин басшы болды


Ерлан Қарин.
Ерлан Қарин.

Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев саясаттанушы Ерлан Қаринды «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының (РТРК) басқармасы төрағасы етіп тағайындады.

Ерлан Қарин бұған дейін стратегиялық зерттеулер институтының директоры, президентшіл "Нұр Отан" партиясының хатшысы болған.

«Қазақстан» телерадиокомпаниясын үш айдан астам уақыт басқарған Кемелбек Ойшыбаев биыл қаңтардың соңында қызметінен кеткен.

«Қазақстан» РТРК құрамында бірнеше телеарна мен радиолар бар.

XS
SM
MD
LG