Accessibility links

Астанада қатты аяздан 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды


Астана көшелерінде қар күреп жүрген жұмысшылар (Көрнекі сурет).
Астана көшелерінде қар күреп жүрген жұмысшылар (Көрнекі сурет).

Астанада қатты аяздан бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада бүгін таңертең ауа температурасы -27 градус болып тұр.

Қала әкімдігі бекіткен ереже бойынша, ауа температурасы -25 градусқа жетсе 1-4 сынып оқушыларына, -30 градус болса 1-9 сынып оқушыларына, -35 градус болса 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылады.

XS
SM
MD
LG