Accessibility links

Германияда теракт жасауды жоспарлау күдігімен екі адам ұсталды


Гамбургте мешітті тінтуге барған неміс полицейлері. Германия, қараша 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Германия полициясы теракт жасауды жоспарлады деген күдікпен екі ер адамның ұсталып, бірнеше жерде тінту жүргізгенін хабарлады. Тәнті нәтижесінде қару-жарақ, оқ-дәрілер мен мачета тәркіленген. 9 ақпанда неміс арнайы қызмет жасағының 450-ге тарта сарбазы 12 рейд жүргізген. Оның нәтижесінде 27 жастағы алжирлік пен 23 жастағы нигериялық ұсталған. Полиция оларды "исламшыл содырлар" деп атайды.

Ресми ақпарат бойынша, ұсталғандардың екеуі де Гермнаияда туған және босқын болмаған немесе пана сұрамаған. Күдіктілерде Германия азаматтығы бар-жоғы белгісіз. Полицияның мәлімдеуінше, Геттингендегі арнайы операция салафиттердің "нақты террористік шабуыл жасауы мүмкін екендігі" туралы ақпаратқа байланысты басталған. Билік ықтимал террористік қауіпке "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қатысы барына қандай да бір дәлел жоқ дейді.

Осымен бірге Германияда Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының мүшесі деген күдіктінің ұсталғаны туралы да ақпарат пайда болды. Ұсталған Ауғанстанның 20 жастағы азаматы Абдолдың өз елінде жасалған, салдарынан америкалық әскери қызметкер қаза тапқан шабуылға қатысы бар деген күдікке ілінгені айтылады. Күдікті 8 ақпан күні Баварияда ұсталған.

XS
SM
MD
LG