Accessibility links

Министрлік биатлоншыларға қатысты мәлімдеме жасады


Қазақстан құрамасының мүшесі Галина Вишневская.

Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Қазақстан биатлоншыларына қатысты тексерістің қорытындысы алдағы күндері шығатынын мәлімдеді.

"Дәрігердің қателігі болған. Ол қолданылған препараттардың қорабын қоқыс жәшігіне тастай салған. Ал Еуропада қазір терроризмге қарсы тексеріс қатаң жүріп жатыр. Медикаменттердің ішінде рұқсат етілгендері бар. Қазақстан спортшылары рұқсат етілген препараттарды қолданады. Спорттық медицина орталығы Қазақстан биатлоншылары қолданып жүрген препараттардың барлығының рұқсаты бар деп отыр. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Қорытындысы алдағы күндері шығады" деді министрлік өкілі.

8 ақпанда Австрия полициясы Хохфильцен қаласында Қазақстан биатлон құрамасы тоқтаған қонақ үйді тексергенін хабарлаған. 23 қаңтарда Германияның Инцель қаласы маңындағы жанармай құю станциясы маңынан дәрі-дәрмектер, медициналық құрылғылар және Қазақстан биатлон құрамасы дәрігерінің аккредитациясы табылған. Осыдан кейін Австрия полициясы Қазақстан биатлон құрамасына тексеру жүргізген. Ал Австрия допингке қарсы агенттігі қазақстандық биатлоншыларының барлығын допингке тексерген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG