Accessibility links

"СК-Фармация" компаниясына айыппұл салынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"СК-Фармация" компаниясына монополияға қарсы заңнамаларды бұзғаны үшін 1,3 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті. Компанияға 1,3 миллиард теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешімді Астана қалалық соты шығарған.

Ресми мәліметке қарағанда, монополияға қарсы органдар халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында дәрі-дәрмек сатып алу және қамтамасыз ету бойынша біртұтас дистрьюбитор саналатын "СК-Фармация" компаниясының өз үстемдігін теріс мақсатта пайдаланғанын анықтаған.

Сот шешімінде "СК-Фармацияның" 2010-2015 жылдары дәрілік заттарды сақтау және жеткізу қызметін бірыңғай лотпен сатып алып отырғаны, осылайша нарықтағы басқа субъектілердің бұл қызмет түрін көрсету мүмкіндігін шектегені айтылады.

Комитет компанияның бұл әрекеті "нарықтағы тауарды сақтау және жеткізу қызметін көрсетудегі бәсекелестікті шектеп қана қоймай, бұл қызмет түрінің қымбаттауына да әкеліп соқтырған".

XS
SM
MD
LG