Accessibility links

Душанбе мен Ташкент әуе қатынасы қайта қосылды


Ташкентке қонған Тәжікстан ұшағы. 10 ақпан 2017 жыл.
Ташкентке қонған Тәжікстан ұшағы. 10 ақпан 2017 жыл.

10 ақпанда «Сомон Эйр» тәжік әуе компаниясының ұшағы Ташкентке келіп қонды. 25 жыл бұрын тоқтатылған әуе қатынастары қайта іске қосылды.

Душанбеден Ташкентке келген ұшақ бортында тек жолаушылар емес, Тәжікстанның көлік министрлігі өкілдері мен журналистер де болған. Екі қала арасында ұшу уақыты - 45 минут. «Сомон Эйр» бас директоры Томас Халламның тілшілерге айтуынша, "Ташкентке келген алғашқы рейс - тәжірибелік әрі техникалық рейс. Ал тұрақты әуе қатынастары 20 ақпанда басталады".

- Біз ұшу жиілігін талқыладық және өзбек ұшақтарының да қатынау мәселесін сөз еттік, - дейді ол.

«Сомон Эйр» қыс соңына дейін Ташкентке аптасына - дүйсенбі сайын бір ұшақ қатынайды. Жазда аптасына екі ұшақ дүйсенбі және бейсенбі ұшады деп жоспарланған.

Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы әуе қатынастары 1992 жылы тоқтатылған еді. Бұған дейін екі елдің арасындағы қатынас жердегі жолдар арқылы іске асырылып келген. Бұл жағдай Өзбекстан билігіне Шавкат Мирзияев келгеннен кейін ғана өзгеріп жатыр.

Екі ел арасындағы ұшақ қатынасын қалпына келтірудің нақты датасы былтыр жыл соңында екі ел арасындағы үкіметтік комиссия отырысында белгіленген.

XS
SM
MD
LG