Accessibility links

Трамп: АҚШ Жапония қауіпсіздігі жөніндегі міндеттерін толық орындайды


АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Жапонияның Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытаймен арада территориялық дауды реттеу әрекетін қолдайтынын мәлімдеді.

10 ақпан күні Вашингтонда жапон премьер-министрі Синдзо Абэмен баспасөз мәслихатын өткізген Трамп АҚШ-тың Жапония қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы міндеттерін толық орындайтынын айтты.

Ол АҚШ үшін Тынық мұхиты аумағында бейбітшілік сақтау және осы мақсатта Жапониямен одақтастықты дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Екі ел жетекшілерінің бірлескен мәлімдемесінде 1960 жылы жасалған америка-жапон келісімінің барлық шарттары сақталатыны айтылған.

Сарапшылар Вашингтон мен Токио арасында трансатлантикалық әріптестік пактісі бойынша ғана келіспеушіліктер бар екенін айтады. Трамп бұл пактінің күшін толық жойған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG