Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов бүгін Толедо (АҚШ) қаласында америкалық боксшы Роуши Уорренмен кездесіп, жеңіске жетті. Кездесу 12 раундқа созылып, Жақиянов төрешілер шешімімен басым түсті.
Осы жеңісітен кейін 33 жастағы Жақиянов жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл - Жақияновтың 28-кездесуі. Ол 27 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бір матчта тең түскен.
Жақиянов жарақат алуына байланысты бір жарым жыл рингке шықпаған. Ол соңғы рет 2015 жылы қарашада венесуэлалық Йонфрез Парехомен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңген.