Accessibility links

ҰҚК: "Теракт дайындап жатқан 15 радикал ұсталды"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) "террористік іс-әрекетке қатысуға дайындалды" деген айыппен 15 адам қамауға алынғанын 11 ақпан күні ресми сайты арқылы хабарлады.

Бірақ ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта ол "радикалдардың" қандай топқа жататыны не аты-жөндері айтылмаған.

ҰҚК "13-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы аудандарында екі радикал топ және діни-экстремистік идеологияны ұстанушы 6 адамның іс-әрекеті бейтараптандырылғанын" хабарлайды.

"Ұсталғандардың мекенжайларын тінту барысында 5 граната, халықаралық террористік ұйымдар атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электрондық тасымалдауыштар" тәркіленген.

XS
SM
MD
LG