Accessibility links

Трамп иммигранттар жайлы даулы жарлықты қайта шығармақ


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп 27 қаңтар шығарған иммиграция туралы жарлығы сот шешімімен белгісіз мерзімге тоқтатылған соң, ондай жарлықты өзгерістер енгізе отырып қайта шығаратынын айтты.

Трамп "ел қауіпсіздігі АҚШ соттарының шешімдерінен гөрі жедел әрекеттерді талап етеді. Бұл жолы жеңіске жетеміз. Енді басқаша әрекет етеміз" деді.

Трамп шығарған жарлық бойынша жеті бірдей мұсылман мемлекетінен (Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен - ред.) келетін қонақтар мен босқындарға АҚШ-қа кіріп және шығуға 3 ақпаннан бастап тыйым салынған. Бұл жарлықтың күшін апелляциялық сот 9 ақпан күні жойған болатын.

Оқи отырыңыз: АҚШ-қа кіруге салынған тыйымның кесірі кімге тиеді?

Трамп енді мұндай жарлықтың жаңасын шығармақ.

XS
SM
MD
LG