Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда бірінші орында тұр


Димаш Құдайберген Қытайдағы "I am a singer" байқауында (Сурет әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды).

Қытайдағы "I Am a Singer" ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық 22 жастағы студент Димаш Құдайберген конкурстың 11 ақпанда өткен төртінші кезеңінде үшінші орын алды.

Ол бұл кезеңде қытай тіліндегі әнді орындады. Қазір Димаш Құдайберген байқаудың жалпы есебінде бірінші орында келеді.

Бұған дейінгі үш кезеңде қазақстандық өнерпаз французша SOS d'un terrien en détresse әнін, ресейлік танымал әнші Витастың "Опера 2" атты туындысын орындап кезең жеңімпазы атанған. Ал Queen тобының "Show must go on" әнімен үшінші кезеңде үштікке енген.

Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан "I Am a Singer" ән байқауы барлығы 14 кезеңнен тұрады. Байқаудың келесі кезеңі 18 ақпанда өтеді. Конкурс жеңімпазы сәуір айының соңында белгілі болады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG