Accessibility links

Минск украин жазушысына салған тыйымды жойды


Украин жазушысы Сергей Жадан паспортындағы шектеу туралы басылған мөрді көрсетіп тұр.
Украин жазушысы Сергей Жадан паспортындағы шектеу туралы басылған мөрді көрсетіп тұр.

Беларусь билігі украин жазушысы Сергей Жаданның осы елге кіруіне қойылған шектеуді алып тастады. Жадан Facebook әлеуметтік желісі арқылы өзіне қатысты мәселеде «табандылық танытқаны» үшінУкраина сыртқы істер министрлігіне алғысын білдірді.

Минскіге халықаралық кітап көрмесіне қатысу үшін барған Сергей Жаданды ақпанның 11-іне қараған түні милиция ұстап, "террорлық әрекетке қатысы үшін" оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарлаған. Сенбі күні таңертең Жаданға Беларусь территориясына кіруіне белгісіз мерзімге дейін тыйым салынатыны туралы оның паспортына мөр басқан.

Сол күні Украина сыртқы істер министрлігі Киевтегі Беларусь елшісін шақыртып, жазушының ұсталуына байланысты «қатты алаңдаушылық» білдірген. Бұған қоса Украина сыртқы істер министрлігі екі елдің дипломатиялық мекемелері басшылары телефон арқылы сөйлесетін болады деп хабарлаған.

Украиналық танымал қаламгерлердің санатындағы Сергей Жадан қарулы жанжал аймағына айналған Донбастағы балалар үйлері, ауруханалар, интернаттар, мектептер мен кітапханаларға жәрдем көрсететін қайырымдылық қорын ұйымдастырушылардың бірі.

XS
SM
MD
LG