Accessibility links

Ресейлік оппозиционер Кара-Мурзаның оңала бастағаны хабарланды


Ресейлік оппозициялық саясаткер кіші Владимир Кара-Мурза.
Ресейлік оппозициялық саясаткер кіші Владимир Кара-Мурза.

Мәскеу ауруханасында жатқан ресейлік оппозициялық саясаткер кіші Владимир Кара-Мурзаның тәуір бола бастағаны туралы оның адвокаты Вадим Прохоров хабарлады, Оның сөзінше, енді науқасты ағзасына үздіксіз жәрдем беру үшін қосылған арнайы аппаратуралардан ағытып, реанимация бөлімінен жай палатаға шығаруы мүмкін.

Бұған дейін ақпанның 3-інен бастап ес-түссіз жатқан науқастың өз-өзіне келе бастағаны туралы хабарланған еді.

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский құрған "Открытая Россия" қоғамдық ұйымының үйлестірушісі 35 жастағы Кара-Мурза ақпанның 2-і күні Мәскеудегі ауруханалардың біріне түскен. Оның әйелі Евгения Кара-Мурза күйеуінің бүйрегі істен шығып, дәрі-дәрмекпен жататын комаға түскенін және жасанды демалу аппаратымен жатқанын хабарлаған. Кара-Мурзаның отбасы сырқат симптомдары 2015 жылы оның қатты ауырып, әзер жаны қалған кездегі симптомдармен бірдей екенін айтқан. Кара-Мурза ол кезде де Мәскеуде болған және ол өзінен саяси қызметі үшін кек алмақ болғандар әдейі улады деп санайды. Ол оқиға сол күйі тергелмеген.

Владимир Кара-Мурза 2105-2016 жылдары Ресейдегі ПАРНАС оппозициялық партиясы төрағасының орынбасары болған. Сонымен бірге ол "Солидарность" қозғалысының да мүшесі. Ол АҚШ конгресі мүшелерін Ресей шенеуніктері мен медиа-магнаттарына қарсы санкциялар салуға шақырған.

XS
SM
MD
LG