Accessibility links

Есеп комитетінің жетекшісі қайтыс болды


Қазақстан есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.
Қазақстан есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.

Қазақстан есеп комитетінің басшысы Қозыкөрпеш Жаңбыршин 57 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп хабарлады бүгін жергілікті баспасөз құралдары.

Ол Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген, 1982 жылы Мәскеу экономика-статистика институтын экономист-математик мамандығы бойынша бітірген.

Қозыкөрпеш Жаңбыршин әр жылдары Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, қорғаныс вице-министрі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2014 жылғы қаңтардан бері ол республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып істеген.

"Құрмет" және III дәрежелі "Барыс ордендерімен марапатталған.

XS
SM
MD
LG