Accessibility links

Трамп иммиграция заңын күшейтуге уәде етті


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін иммиграция заңын күшейтуге уәде етті. Бұл туралы ол апта сайын жасайтын үндеуінде мәлімдеген.

Трамп бұған қоса Барак Обаманың тұсында ірі компанияларға салынған салық мөлшері азайтылатыны туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, Ақ үйдің жаңа әкімшілігі өз бизнесін Құрама Штаттар аумағынан сыртқы шығаруды жоспарлайтын компаниялардың жұмыс жағдайын қиындатпақ.

Трамп басымды бағыттар ретінде жұмыс орындарын көптеп ашуды және заңсыз иммиграцияға қарсы күресті күшейтуды атап айтқан. Осы аптада АҚШ-та жүргізілген полиция тексерулері барысында заңды құжаты жоқ шетелдіктер ұсталған.

XS
SM
MD
LG