Германия билігі Гамбург әуежайының уақытша жабылып, жүздеген жолаушы эвакуацияланған оқиғаның теракт емес екенін мәлімдеді. Төтенше жағдайға ауаны жақсарту жүйесінен сұйықтықтың ағуы себеп болған.
11 ақпанда Гамбург әуежайына жолаушылар көздері ашып, тыныс алуы қиындағанына шағымданған соң төтенше жағдайлар қызметі жіберілген. Гамбург өрт сөндіру қызметінің өкілі Торстен Весселидің сөзінше, "оқиға теракт деп қарастырылмайды". Әуежай 45 минутқа жабылған.