Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы исламофобияға қатысты пікір білдірді


Антонио Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы.
Антонио Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриштің сөзінше, исламофобия халықаралық деңгейде терроризм мен егеске себепші болады. Бұл туралы ол 12 ақпанда Эр-Риядта Сауд Арабиясының королімен және осы елдің басқа да билік өкілдерімен кездесуінде айтты.

"Әлемнің кейбір аймақтарындағы исламофобиялық көңіл-күй, исламофобиялық әңгіме мен саясат - терроризмді тұтатушы проблемалардың бірі. Кейде бұлар "Ислам мемлекеті" ұйымының өз үгіт-насихатын таратуына қолдау көрсетеді" деді Гутерриш.

Мигранттарға қарсы пікірлер қатқыл айтылатын елдердің бірі - Францияда президенттікке басты кандидаттардың бірі Марин Ле Пен. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салатын жарлық шығарған.

XS
SM
MD
LG