Швейцариялықтар мигранттардың үшінші ұрпақтарының азаматтық алу процедураларын жеңілдетуге дауыс берді. SRF телеарнасының хабарлауынша, 12 ақпанда өткен референдумға қатысқандардың 60 пайыздан астамы жеңілдікті қолдап дауыс берді. Швейцария мен Еуропаның басқа бірнеше елінде ел аумағында дүниеге келген адамға сол елдің азаматтығын алуына кепілдік бермейді.
Ұсынылып отырған шаралар әке-шешесі мен ата-әжесі Швейцарияда тұрған адамдардың швейцар паспортын алуын жеңілдетеді. Ресми мәлімет бойынша, Швейцарияда әке-шешесі мен ата-әжесі осы елде тұрған 25 мыңға тарта адам бар. Үкімет пен партия және депутаттардың көпшілігі мигранттарға қатысты өзгерістерді қолдайды.
Жаңа ереженің күші жүретін адамдардың 60 пайызға жуығы - италиялықтар, сонымен қатар Балқан елдері мен Түркиядан шыққандар да бар. Жаңа ережеге қарсы ультраоңшыл "Швейцар халықтық партиясы" өзгерістердің көмегімен көбінесе мұсылмандар азаматтық алып кетуі мүмкін және ол "швейцарлық құндылықтардың жойылуына" әкеліп соқтырады деп санайды.