Accessibility links

Астанада антитеррорлық жаттығу өтіп жатыр


Астананың орталығы (Көрнекі сурет).
Астананың орталығы (Көрнекі сурет).

Астанада бүгін "жоспарлы антитеррорлық жаттығу" өтіп жатыр деп хабарлады қалалық әкімдік. Жаттығу "терроризм актісінің алдын алып, оның салдарын жою үшін" өткізіліп жатыр. Әкімдік жаттығуға байланысты қала тұрғындарын дүрлікпеуге шақырады.

Астананың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы жаттығудың жоспар бойынша өткізіліп жатқанын және ол жедел штаб күштерінің әскери дайындық деңгейцін тексеруді көздейтінін айтады.

Астанада өткен жылы террористік қауіп-қатердің "сары" деңгейі кезінде мұндай жаттығулар бірнеше рет өткізілген. Терроризмге қарсы жаттығулар елдің басқа да қалаларында өткізілген.

2016 жылы маусымның басында Ақтөбеде билік "теракт" деп атаған қарулы шабуылдан соң террористік қауіп-қатердің "сары" деңгейі жарияланып, ол биыл қаңтарда жойылған. Ақтөбедегі шабуылдарда жеті адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Шабуылдардан кейін жүргізілген арнайы операцияларда 20 шақты адам ұсталып, билік "радикалдық дәстүрлі емес діни ағым өкілдері" деп сипағаттан 18 адамның көзі жойылған.

XS
SM
MD
LG