Accessibility links

Павлодарда су құбырының жарылуынан ондаған мектепте сабақ тоқтады


Павлодардағы су құбыры желісінде болған апаттан көшеге жайылған су. 13 ақпан 2017 жыл.
Павлодардағы су құбыры желісінде болған апаттан көшеге жайылған су. 13 ақпан 2017 жыл.

Павлодарда су құбырының жарылуынан бүгін 50-ден астам мектеп пен балабақша жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Азаттыққа Павлодар облыстық білім беру басқармасынан хабарлады.

"Біз бұл шараны амалсыз жасадық. Себебі су құбырының қашан қалпына келтірілетінін ешкім нақты айта алмайды" деді басқармадан.

Су құбыры жарылуы мүмкін екені және Павел Васильев көшесін су басқаны туралы алғаш 12 ақпан күні таңертең белгілі болған.су басқан көше тұрғындары -26 градус аязда әуелде суды өз үйлерінен шығармақ болған. Бірақ коммуналдық апат салдарын өз бетінше жою мүмкін болмаған.

Павлодар қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Зікірия Сұлтанғазиновтың ақпараты бойынша, апат салдарын жою үшін бірнеше тұрғын үйде суды тоқтатып, құбырлардағы қысымды азайту керек болған. Билік апат қызметі су құбыры жүйесіндегі жарылған орынға жетіп қалған.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде ақпарат алмасып, су тоқтап қалғанына шағымданып жатыр. Апат салдарын жою осымен екінші тәулікке ұласты. Қала билігі бүгін осы мәселе бойынша БАҚ-қа арнап брифинг өткізбек.

XS
SM
MD
LG