Accessibility links

Павлодар әкімдігі: Су құбыры апатының себебі тексеріліп жатыр


Павлодардағы су құбыры апатынан көшеге жайылған су. 13 ақпан 2017 жыл.
Павлодардағы су құбыры апатынан көшеге жайылған су. 13 ақпан 2017 жыл.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Андрей Балашов бүгін брифингте қала билігі коммуналдық апат себебін тергеу мен оған кінәлілерді анықтау шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады. Су құбырындағы апаттан қалада бірер сағатқа ауыз су ажыратылған. Балашов бүгін сағат 11-дегі жағдай бойынша қалада су толық берілгенін, сумен қамтамасыз ету компаниясының жұмысшылары құбырлардағы қысымды дұрыстап жатқанын айтты.

Андрей Балашов 13 ақпан күні таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін бүкіл қала ауыз судан ажыратылғанын айтты. Бұл уақытта сумен қамтамасыз ету мекемесінің апат қызметі құбырдың жарылуы мүмкін деген бөлігін іздеген. Әкімдік апат Павел Васильев көшесі бойында орналасқан құдық тиегінің істен шығуынан болуы мүмкін дейді. Апат салдарынан 12 ақпанда су Павел Васильев көшесі бойындағы үйлерді су баса бастаған. Тұрғындар үйлерінен суды өз беттерімен шығаруға талпынған, сосын коммуналдық қызмет қызметкерлері суды сорғызып шығара бастаған. Апат салдарын жою жұмысы әлі аяқталған жоқ.

Павлодарда бүгін апаттан мектептер мен балабақшалар жабылды.

2009 жылғы халық санағы бойынша, Павлодарда 307 мың адам тұрады.

XS
SM
MD
LG