Accessibility links

Бюро: Бишімбаев 1 миллиард теңгені жымқыруды ұйымдастырған


Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі
Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қызылордада әйнек зауытын салуға бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлады бүгін коррупцияға қарсы қызмет ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Бишімбаев Қзылордадағы әйнек жабындысын шығаратын зауыт құрылысына бөлінген "1 миллиард теңгені бірнеше компания арқылы жымқыру жолын ұйымдастырған".

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 10 қаңтарда Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған. Бюро оны "аса ірі көлемдегі қаржыны бірнеше рет топ болып алдын ала келісім жасау арқылы алып отырған, ол қаражатты өз қажетіне жаратқан" деген күдікке ілінгенін айтады. Ал 12 қаңтарда Астананың Алматы аудандық №2 соты Бишімбаевты 2 айға қамау туралы санкция шығарған.

Бюро ақпараты бойынша, Бишімбаев құрды делінген қылмыстық айла-шарғыға Orda Glass компаниясы мен оның мердігер "Шымкентхиммонтаж" компаниясының басшылары Д.Ибрашев, Ж.Исабек және М.Қожабаев тартылған. "Жымқырылған қаржы еншілес "Құрылыс металлконструкциясы зауыты" компаниясы арқылы жұмысшыларды тамақтандыру және тұратын жеріне ақша төлеу үшін деп алынған. Бұл сомадан Бишімбаевтің өзі туысы С.Нұрлыбек арқылы 2 миллион долларды иеленген" делінген бюро хабарламасында.

Ж. Исабек, М.Қожабаев және С. Нұрлыбек сот санкиясымен қамауға алынған. Д.Ибрашев кінәсін мойындап, тергеуге болысқандықтан үйқамаққа алынған.

Қазір сот алды тергеу жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG