АҚШ-тың солтүстігінде елдегі ең ірі Оровилл бөгетінің апатты жағдайда су жіберу қабырғасын су шайған соң бөгетке іргелес Калифорния штатында 188 мың адамды эвакуациялауға тапсырма берілді.
"Оровилл бөгетінің сағасы мен оның ағысы бойымен төмен орналасқан аудандардың тұрғындарын дереу эвакуациялауға тапсырма берілді" делінген Бьютт округі шерифінің 12 ақпанда таратқан мәлімдемесінде.
Жергілікті су ресурстарын бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Билл Кройл 12 ақпанда су шайған апатты жағдайда су ағызатын қабырғасында жұмыс жүргізілмегенін айтты. Оровилл көлі Сан-Францискодан солтүстік-шығысқа қарай 240 километр қашықтықта орналасқан және 235 метрлік бөгет елдегі ең биік бөгет саналады.
Кеше жергілікті билік су шайғаннан пайда болған жарықшақты бітеу үшін тікұшақпен қойтастар тастау жоспары барын мәлімдеген.
Биліктің хабарлауынша, ұзақ уақыт жауған нөсер жауыннан Оровилл бөтенінің қабырғасы зақымданып, 11 ақпанда бөгеттен су аға бастаған. Бұдан негізгі бетон қабырғаның іргетасын су шайып, Оровилл көлінің тасу қаупі туындаған.
Эвакуация басталғанда 99-шосседе көлік кептелісі пайда болды.