Accessibility links

Дональд Трамп миграциялық саясатын қорғай сөйледі


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо. Вашингтон, 13 ақпан 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо. Вашингтон, 13 ақпан 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесуінде өзінің миграцияны шектеу саясатын қорғап сөйледі. Трамп бірлескен баспасөз конференциясында сонымен қатар АҚШ-тың Канадамен сауда қатынастарын, әсіресе Еркін сауда туралы Солтүстік Америка келісімін пысықтай түсетінін айтты.

АҚШ пен Канада басшыларының миграцияға қатысты саясаты бір-біріне ұқсамайды. Өткен айда Трамп елге мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салатын жарлық шығарған. Бірақ ол тыйымның күшін АҚШ соты тоқтатқан.

Журналистер сұрағына жауап берген Трамп "америкалықтар елге қажет емес адамдарды кіргізе алмайтынын" мәлімдеді.

Джастин Трюдо Канадада Сирия мен басқа да елдерден келгендерді, оның ішінде босқындарды кедергісіз қабылдау саясатын жүргізіп отыр. Кездесуде Трамп пен Трюдо да екі елдің мәдени және сауда байланыстарының тамыры тереңге кеткенін айтты. "АҚШ-қа Канада сияқты көршісінің бары қандай жақсы болған" деді Трамп.

XS
SM
MD
LG