Accessibility links

АҚШ президентінің кеңесшісі Майкл Флинн отставкаға кетті


Майкл Флинн, АҚШ президентінің отставкаға кеткен кеңесшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Майкл Флинн Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен байланысы туралы толық мәлімет бермеді деген ақпарға байланысты отставкаға кетті. Ақ үйдің хабарлауынша, оның орнына отставкадағы генерал Кит Келлог тағайындалған.

Майкл Флин Дональд Трамптың қызметіне кіріскеніне ай толмай жатып отставкаға кетіп отыр. Флинн өткен жылы сайлау кампаниясында Трамптың сенімді серігі болған. Бірақ оның Ресеймен байланысы Трамптың өзге бас кеңесшілерінің арасында алаңдаушылық тудыруға себеп болды.

Флинн әуелде вице-президент Майк Пенске желтоқсан айында Ресей елшісі Сергей Кислякпен телефонмен сөйлесіп жүргенінде санкция мәселесін талқыламағанын айтпаған. Флиннің сөзіне сенген Пенс телеарнаға берген сұхбатында оның қызметіне кепіл берген. Бірақ бірнеше аптадан соң Флиннің Кислякпен санкция туралы сөйлескені де анықталған. АҚШ заңдары бойынша, қатардағы жеке адамның дипломатиялық келіссөзге қатысуына тыйым салынады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG