Accessibility links

Жапония Ресейдің даулы аралдарға атау бергеніне қарсы


Есихидэ Суга, Жапония үкіметінің хатшысы.
Есихидэ Суга, Жапония үкіметінің хатшысы.

Жапонияның ресми тұлғалары Мәскеудің Оңтүстік Куриль деп атайтын, Жапония мен Ресей арасындағы даулы территорияда орналасқан аты жоқ бес аралға атау бергеніне қарсылық білдіргенін мәлімдеді.

"Бұл құптамайтын жайт және ол Жапонияның ұстанымына қайшы. Біз Ресейге дипломатиялық арналар арқылы қарсылық нотасын жолдадық" Жапония үкіметінің хатшысы Есихидэ Суга 14 ақпанда өткен баспасөз конференциясында. Ресми Токио бұл аралдарды өзінің солтүстік территориясы санайды.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев өткен аптада бес аралға атау берген. ТАСС агенттігі аралдар 1945 жылы Жапонияның капитуляция болғаны туралы актіге қол қойған генерал Кузьма Деревянко, 1945 жылы Куриль аралдарында десант операциясын басқарған генерал Алексей Гнечко, 1957-1985 жылдары СССР сыртқы істер министрі болған совет дипломаты Андрей Громыко, Сахалинск облысының бұрынғы губернаторы Игорь Фархутдинов және алыс қашықтыққа жүзетін кеменің алғашқы әйел капитаны Анна Щетининаның атымен аталғанын хабарлаған.

Совет әскері аралдар тізбегін 1945 жылы Жапония капитуляция болған соң басып алған. Территориялық даудан екі ел соғыстан кейінгі бейбіт келісімге қол қоюдан бас тартып отыр. Жапония дауды Рсееймен басталған келіссөз арқылы шешуге талпынып жатыр. Есихидэ Суга оқиғаның бұл келіссөзге ықпал етпейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG