Accessibility links

Грузияда Өзбекстан іздеу жариялаған АҚШ азаматы ұсталды


Батуми халықаралық әуежайы (Көрнекі сурет).
Батуми халықаралық әуежайы (Көрнекі сурет).

Грузияда Өзбекстан терроризмге қатысы бар деген күдікпен іздеу жариялаған АҚШ азаматы ұсталды. Грузия ішкі істер министрлігінің 15 ақпанда хабарлауынша, 39 жастағы АҚШ азаматы Л.К. Аджария автономиялы аймағының орталығы Батуми қаласының әуежайында ұсталған. Күдіктіге Өзбекстанның сұрауымен Интерпол іздеу жариялаған.

Министрлік мәліметіне қарағанда, Өзбекстан билігі америкалықты терроризм,қылмыстық ұйым құрды, диверсиялық шабуыл жасады және атыс қаруын заңсыз иеленді деп айыптайды.

Грузия күдіктіні Өзбекстанға экстрадицияламақ.

XS
SM
MD
LG