Accessibility links

Өзбекстанда алғашқы жекеменшік банкті құрған адам бостандыққа шықты


Рустам Усманов, өзбекстандық бұрынғы банкир
Рустам Усманов, өзбекстандық бұрынғы банкир

Өзбекстандағы алғашқы жекеменшік банк - "Рустамбанктің" бұрынғы иесі 69 жастағы Рустам Усманов 19 жыл отырған түрмеден босап шықты деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы.

Рустам Усманов 1998 жылы қазан айында экономикалық қылмыс жасады деген айыппен 14 жылға сотталған. 2012 жылы билік оның жаза мерзімін тағы бес жылға ұзартқан. Кәсіпкер "Жаслык" колониясында отырған.

- Ағамызды 13 ақпанда жаза мерзімі аяқталған соң босатты. Біз оны қарсы алу үшін "Жаслык" түрмесіне барып, Ташкентке алып келдік. Оның жағдайы жақсы. Қазір ол амбулаторияда емделіп жатыр. Көңіл-күйі жақсы, - деді Азаттыққа Усмановтың туыстарының бірі.

1948 жылы Қырғызстанның Жалалабад қаласында туған экономист Рустам Усманов Михаил Горбачевтің қайта құру кезеңі жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Өзбекстандағы ең табысты банктердің бірі саналған "Рустамбанк" 1992 жылы құрылған. Аз уақыттан соң банк жабылып, Рустам Устамов Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қудалауына ұшыраған.

1998 жылы 19 ақпанда Әндіжан облысының қылмыстық істер бойынша соты Рустам Усмановты алаяқтық жасады және шетел валюютасын заңсыз сатып алып, сатты деген айыптармен ұзақ мерзімге соттаған. Туыстары мен құқық қорғаушылар Рустам Усмановты саяси тұтқын деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG