Accessibility links

Украинаның энергетикалық секторында төтенше жағдай жарияланды


Украинадағы жылу электр станцияларының бірі (Көрнекі сурет).
Украинадағы жылу электр станцияларының бірі (Көрнекі сурет).

Украинаның энергетикалық секторында төтенше жағдай жарияланды. Енді елдегі тұтыну көлемін азайту үшін электр қуаты кезекпен ажыратылуы мүмкін. Мұндай шешім 15 ақпанда үкіметтің әсіре оңшылдардың екі аптаға созылған наразылық акциясына жауап шараларына арналған жиынында қабылданды. Наразылар акция кезінде Украинаның көмір өндіретін шығысын елдің басқа аймақтарымен жалғайтын теміржолды жауып тастаған.

Энергетика министрі Игорь Насалюк тұрғындар мен өнеркәсіп өндірісін электр қуатын дереу үнемдеуге көшуге шақырды. Ол егер электр қуатын үнемдеу әрекеті мәселені шешпесе үкімет кезекпен ажыратуды бастайтынын ескертті.

Киев электр станциясын қолдау үшін елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылайтын облыстардан көмірдің ерекше түрін сатып алып отыр. Көмір сатып алу үшінші жылға ұласқан қарулы қақтығысқа қарамастан тоқтамай тұр. Наразылық білдірушілер билік сепаратистермен сауда жасаспауы тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG