Accessibility links

Франция Ресейді президент сайлауына килікпеуді ескертті


Эммануел Макрон, Франция президенті сайлауына кандидат.
Эммануел Макрон, Франция президенті сайлауына кандидат.

Франция Ресейдің және кез-келген елдің алда болатын президент сайлауына килігу әрекетіне төзбейтінін мәлімдеді. Париж мұндай әрекеттер болған жағдайда "жауап шараларын" жасайтынын ескертті. Бұл туралы Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Айро АҚШ арнайы қызметінің мәлімдемесіне байланысты комментариінде айтты.

АҚШ барлау қызметі Кремль Дональд Трамптың президент сайлауында жеңіске жетуіне көмектесу үшін қоғамдық пікірге манипуляция жасамақ болып, хакерлік шабуылдар жасады дейді.

Бірер күн бұрын Франция президенттігіне кандидат, еуропашыл саясаткер Эммануил Макронның көмекшілері Мәскеуді сайлауалды штабтың компьютерлері мен серверлеріне жасалған кибершабуылдарға қатысы бар деп айыптаған. Кремль бұл айыптауларды "абсурд" деп атаған. Ресей сонымен қатар АҚШ-тағы президент сайлауына киліккенін де жоққа шығарады. Соңғы мәліметтер бойынша, әсіре оңшыл кандидат Марин Ле Пен 23 сәуірде болатын Франция президенті сайлауының алғашқы кезеңінде жеңуі мүмкін. Бірақ сауалнама нәтижелері Францияның 39 жастағы бұрынғы экономика министрі Эммануил Макрон сайлаудың мамыр айында өтетін екінші кезеңінде одан басым түсуі мүмкін дейді.

Макронның танымалдығының артуымен бірге Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары мен кремльшіл сайттар Макронға жиі тиісе бастаған. Қаңтарда Франция ішкі істер министрі Жан-Ив Ле Дриан елде соңғы үш жылда кибершабуылдары саны артқанын мәлімдеп, оның президент сайлауына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG