Accessibility links

Украина: Ресей хакерлері энергетика желілері мен қаржы жүйесіне шабуылдады


Александр Ткачук, Украина Қауіпсіздік қызметі аппаратының жетекшісі.
Александр Ткачук, Украина Қауіпсіздік қызметі аппаратының жетекшісі.

Украина өзінің қаржылық және энергетикалық жүйесіне, инфрақұрылым нысандарына ресейлік хакерлердің шабуыл жасағанын мәлімдеді. Украина билігінің хабарлауынша, шабуыл саны мыңдап саналады. Хакерлік шабуылдарда өнеркәсіп процесіне қарсы вирустың жаңа түрі қолданылған.

Украина қауіпсіздік қызметі аппаратының жетекшісі Александр Ткачук хакерлік шабуылдарды Ресей арнайы қызметі зиян келтіретін BlackEnergy деп аталатын бағдарламаны жасауға қатысы бар хакерлік қылмыстық топтың көмегімен ұйымдастырған.

Украина билігі хакерлерді 2015 жылы желтоқсанда Киевтің энергетикалық жүйесін істен шығару үшін Black Energy бағдарламасын қолданды және қорғаныс министрлігі мен қаржы министрлігінің, Украина мемлекеттік қазынашылықы қызметінің компьютерлік желілеріне кибершабуыл жасады деп айыптайды.

"Ресейлік хакерлер мен инфоботтар Украинаға қарсы ақпараттық басқыншылықтың ең маңызды құралдарының бірі болды" деді Ткачук. Соңғы шабуылдарда инфрақұрылымдарды басқаратын компьютерлерді зақымдау үшін Telebots деп шартты түрде аталатын бағдарлама қолданылған.

Мәскеу Украинаға қарсы "киберсоғыс" жүргізіп жатқанын бірнеше рет терістеген.

Словакияның кибер қауіпсіздік саласында маманданған ESET компаниясы Telebots компьютерлік желілерді BlackEnergy бағдарламасының көмегімен бұзып көру тәжірибесінен дамып, туындаған болуы мүмкін дейді.

Бұл саладағы өзге CyberX компаниясы Украинада аңду жасау операциясы әшкере болғанын, оның нәтижесінде энергетика министрлігі мен ғылыми-зерттеу институтын қоса алғанда 60-тан астам нысанға қарсы мәлімет жиналғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG